Білім беру саласында жаңа мүмкіндіктерді ашатын халықаралық компания.
Біз әлемнің 50-ден астам елін қамтитын халықаралық олимпиадаларды ұйымдастырамыз, білім беру сапарларын және шетелдегі алмасу бағдарламаларын ұсынамыз, сондай-ақ Қазақстанда цифрлық технологияларды белсенді түрде дамытамыз.
Алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, біз оқушылардың, мұғалімдердің және білім беру ұйымдары басшыларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасаймыз.
Біздің миссиямыз – әркімге білім мен тәжірибенің жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік беру.
Балалар мен жасөспірімдерге инновациялық жобалар құруды және заманауи технологияларды басқаруды үйрететін робототехника және дрондарды пилоттау академиясы. Біз әрбір оқушының әлеуетін ашу үшін инженерлік ойлауды, бағдарламалауды және практиканы біріктіреміз.
Академияда оқушылар роботтарды құрастырып, бағдарламалауды үйренеді, дрон-технологиялардың негіздерін меңгереді, командада жұмыс істеуді дамытады және болашаққа қажетті дағдыларды: креативтілікті, сыни ойлауды және техникалық сауаттылықты жетілдіреді.
Сонымен қатар әлемдік, халықаралық және республикалық деңгейдегі чемпиондар болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру және тәрбиешілердің кәсіби дамуына бағытталған білім беру компаниясы. Біздің миссиямыз — әр баланың қабілетін ашуға көмектесу, оның зияткерлік, шығармашылық, рухани, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық тұрғыдан үйлесімді дамуына жағдай жасау.
Біз тәрбиеші тек білім беруші емес, шабыттандырушы болатын заманауи педагогикалық ортаны құрамыз. Біздің негізгі қағидамыз — тәрбиешілерді шығармашылық, қамқорлық және шабыт арқылы баланың жеке әлеуетін дамыту жолында қолдау.
Қазақстандағы 5-11 сынып оқушыларына арналған алғашқы мамандандырылған IT-мектеп Біз орта білім туралы аттестатты ғана емес, сонымен қатар IT саласындағы құнды дағдыларды, тағылымдаманы, жоғары оқу орындарында оқуға және мектепті бітіргеннен кейін IT саласында жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік береміз. Мектеп оқушылары әлемдік, халықаралық және республикалық деңгейдегі чемпиондар болып табылады.
Жеке меншік толық күндік мектеп (1–9 сыныптар) — сыныптағы бала саны 20-ға дейін, ерекше «бәрі қамтылған» форматы.
Оқыту мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі, оған қоса авторлық бағдарлама ұсынылады. Бағдарламаға модульдік курстар кіреді: ағылшын тілін тереңдетіп оқыту (соның ішінде тіл иелерімен), ауызекі қазақ тілі, логика.
Біздің бағдарламаға өткен материалды бекіту де енгізілген, балалар үшін түрлі дамытушы секциялар қарастырылған. Мектепте психолог қызметі мен логопед-дефектолог жұмыс істейді.
Мектеп оқушылары әлемдік, халықаралық және республикалық деңгейдегі чемпиондар болып табылады.
Әрбір оқушыға жеке дара тәсіл қолданылады. Осылайша, біздің формат баланың үйлесімді дамуына қажетті барлық компоненттерді ұсынады: академиялық даму, әртүрлі бағыттағы секциялар және теңгерімді бес мезгілдік тамақтану.